22.07.2026
Қарағанды
69
ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Қарағанды қаласы бойынша технологы Әселхан Сәбитқызы өңірдегі «Халал Даму» куәлігіне ие кәсіпорындардың жұмысына жоспарлы бақылау-тексеру жүргізді.
Тексеру барысында «Hani brunch» кофеханасы, «Alaqai» және «Aknar» жартылай дайын өнімдер өндірісі, «Premium A» шұжық өндірісі, «Hani» кондитерлік өнімдер цехы, «Firdaus» тамақтану орны, «WABERMA» фаст-фуд нысаны, «Uskudar» тамақтану орны, «Janelle» кондитерлік өнімдер өндірісі, «Dala», «Damdi» және «Karak Home» тамақтану орындары, «Kids Park» тамақтану орны, «Master Kofe» кофеханасы және «Erkelet Buket» кондитерлік өнімдер өндірісінің жұмысы қаралды.
Бақылау-тексеру жұмыстары барысында кәсіпорындардағы өндірістік процестердің «Халал» талаптарына сәйкестігі, шикізат пен өнімдерге қатысты құжаттар, сақтау шарттары және санитарлық талаптардың орындалуы назарға алынды.
«QMDB HALAL» куәлігіне ие кәсіпорындарда тұрақты бақылау жұмыстары тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің халал талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде жүргізіледі.