ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

20.11.2026

Қарағанды

23

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қарағанды қаласында «Халал Даму» мамандары тарапынан қоғамдық тамақтану орындары мен азық-түлік өндірісі нысандарына тексеріс жұмыстары жүргізілді.

Тексеріс барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, пайдаланылатын шикізат пен тағамдық қоспалардың құрамы, өнімдердің сақталу шарттары, санитариялық талаптардың орындалуы және QMDB Halal стандартына сәйкестігі назарға алынды.

Тексеріс жүргізілген нысандар: «Tagam», «Ақжайық» ұн, «Айсберг» балмұздақ, «Durum» фаст-фуд, «Два пельменя», «Degirmen» (Н. Әбдіров көшесі), Master Coffee (Құрылысшылар даңғылы, 28/3, Б блогы), Master Coffee (Б. Әшімов көшесі, 7/1), ONESHOTT COFFEE және «Shaurma house».

«Халал Даму» мекемесі халал талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің адалдығын бақылау мақсатында тексеріс жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

Чем я могу Вам помочь?