13.10.2026
Қарағанды
52
Қарағанды қаласында «Халал Даму» маманы, технолог Айжан Омарованың қатысуымен тамақтану орындары мен өндіріс нысандарында жоспарлы тексеріс жұмыстары жүргізілді.
Тексеріс жүргізілген нысандар: Tagam (Язева, 9/4), SHAURMA HOUSE, Marzipan кондитерлік өнімдері, Тай шұжық цехы, Basta сэндвич өнімдері, Master Coffee, Hani Cakes & Coffee кондитерлік өнімдері, Firdaus Halal 1, Kraft Food жартылай дайын өнімдері, Janelle кондитерлік өнімдері, Dala тамақтану орны, Hani.brunch (Кеншілер, 52), Damdi и точка шайханасы.
Тексеріс барысында кәсіпорындардың халал талаптарына сәйкестігіне назар аударылды. Сонымен қатар халал стандарттарының сақталуы бойынша бақылау жүргізіліп, кәсіпорын өкілдеріне тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«QMDB HALAL» мамандары халал талаптарының сақталуын бақылау және тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің сенімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.