ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Жаңалықтар

19.11.2026

Қарағанды

32

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Қарағанды қаласында «Халал Даму» мамандары тарапынан халал стандарттарының сақталуын бақылау мақсатында тексеріс жұмыстары жалғасуда.

Тексеріс барысында «Нәтиже» сүт зауыты, «Нәтиже» тәттілері, «Serikov Coffee Company», «SHAURMA FOOD», «НЕ ЛЕПИ», «Damir AA» ұн өнімдері, «Adi Astyk» ұн өнімдері, «Lanzhou», «Bauyrdaq» және «Degirmen» кәсіпорындары қамтылды.

Аудит барысында өндіріс орындары мен қоғамдық тамақтану нысандарының санитарлық-гигиеналық жағдайы, қолданылатын шикізат пен тағамдық қоспалардың құрамы, өнімдерді дайындау және сақтау талаптары, сондай-ақ өндірістік үдерістердің халал стандарттарына сәйкестігі назарға алынды.

«Халал Даму» мекемесі халал талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, өнім сапасы мен тұтынушылар сенімін арттыру мақсатында бақылау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

Чем я могу Вам помочь?