16.10.2026
Қостанай
41
Қостанай қаласында әйел жамағатына арналған «Халал – белгі емес, бұл – аманат» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Іс-шара «Халал Даму» мамандарының қатысуымен, Айбек Асқарбекұлының жетекшілігімен өтті. Семинар барысында халал ұғымының мәні, адал ас тұтынудың маңыздылығы және күнделікті өмірде халал талаптарын ұстанудың жауапкершілігі түсіндірілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – әйел жамағатының халал өнімдерге қатысты сауаттылығын арттырып, адалдық пен тазалық қағидаттарын насихаттау.
Халал – тек өнімге қойылатын талап емес, ол – әрбір мұсылманның мойнындағы аманат әрі жауапкершілік.