15.10.2026
Қостанай
44
Қостанай қаласында «RG Brands Kazakhstan» ЖШС кәсіпорнында «Халал Даму» мамандарының қатысуымен алғашқы аудит жұмыстары басталды.
Аудит жұмыстарына «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы және технолог Айжан Қалмаханқызы қатысуда.
Тексеру барысында кәсіпорындағы өндірістік үдерістер, шикізат пен қолданылатын ингредиенттердің құрамы, өндіріс орындарының санитарлық жағдайы және халал талаптарының сақталуы жан-жақты зерделенеді.
Аудиттің негізгі мақсаты – өндіріс барысының ислам шариғаты талаптары мен халал стандарттарына сәйкестігін бағалау, сондай-ақ тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің халал талаптарына сай болуын қамтамасыз ету.
«Халал Даму» мамандары кәсіпорындағы өндіріс кезеңдерін жүйелі түрде тексеріп, тиісті талаптардың орындалуына назар аударады.