ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ХАЛАЛ КУӘЛІГІНЕ ИЕ КӘСІПОРЫНДАРҒА АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

02.06.2026

Қостанай

83

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ХАЛАЛ КУӘЛІГІНЕ ИЕ КӘСІПОРЫНДАРҒА АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қостанай облысында «Халал Даму» мекемесінің маманы Айжан Қалмаханқызы мен жергілікті жауапты өкілі Әлішер Ертайұлы халал куәлігіне ие бірқатар кәсіпорындарға жоспарлы аудит жүргізді.

Аудит барысында кәсіпорындардың халал стандарты талаптарын сақтау деңгейі, өндірістік үдерістердің сәйкестігі, қолданылатын шикізаттар мен өнімдердің құжаттамасы жан-жақты тексерілді.

Аудит аясында «Садчиковское», «Қарасу ет», «ИП Бауырсақ», «Меди Тез», «Грито», «Филодельфия», «Муслима», «Қарашаңырақ» және «Лосось» орталықтарының қызметі қамтылды.

Тексеру нәтижесінде кәсіпорындарға халал талаптарын одан әрі жетілдіру және стандарттарды тұрақты сақтау бойынша тиісті ұсынымдар берілді. Аудит жұмыстары халал өнімдер мен қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұтынушылар сенімін арттыруға бағытталған.

Телефон WhatsApp