15.10.2026
85
Қостанай облысындағы мешітте «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы алғаш рет «QMDB HALAL» куәлігін алған кәсіпорын өкілдеріне куәліктерді салтанатты түрде табыстады.
Атап айтқанда, тамақтану қызметтерін көрсететін «Tan Group» және «ALMA NAN» кәсіпорындары, сондай-ақ кондитерлік өнімдер өндіретін «SAFRAN» кәсіпорны «QMDB HALAL» куәлігіне ие болды.
Бұл қадам кәсіпорындардың халал талаптарын сақтауға және тұтынушыларға сапалы әрі сенімді өнімдер мен қызметтер ұсынуға деген жауапкершілігін арттыра түседі.