18.06.2026
51
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал даму» мекемесінде Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал» бөлімінен келген мамандармен тәжірибе алмасу кездесуі өтті.
Кездесу барысында қырғызстандық мамандар «Халал даму» мекемесінің қызметкерлерімен жеке-жеке тілдесіп, олардың жауапты бағыттары бойынша жұмыс ерекшеліктерімен танысты және ақпарат алмасты.
Сонымен қатар қонақтарға халал сертификаттау үдерісі, өндіріс орындарында жүргізілетін бақылау-тексеру жұмыстары, мониторинг жүйесі және құжаттарды жүргізу тәртібі таныстырылды. Мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, халал индустриясын дамытудағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.