ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ МЕШІТТЕРІНІҢ ИМАМДАРЫНА «ХАЛАЛ – ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ» АТТЫ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Жаңалықтар

26.06.2026

Қызылорда

15

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ МЕШІТТЕРІНІҢ ИМАМДАРЫНА «ХАЛАЛ – ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ» АТТЫ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қызылорда қаласы мешіттерінің имамдарына арналған «Халал – шариғат талабы» тақырыбында тағылымдық семинар ұйымдастырылды. Семинардың негізгі мақсаты – халал ұғымының шариғаттағы орны, “ҚМДБ ХАЛАЛ” стандарттарының талаптары және халал өнімдерді сертификаттау мен бақылау жұмыстары жөнінде жан-жақты ақпарат беру болды.

Іс-шара барысында ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің технолог маманы Мейіржан Бауыржанұлы қатысушыларға халал өндірісіндегі негізгі талаптар, тағам қауіпсіздігі, шикізатты іріктеу, өндіріс барысындағы бақылау кезеңдері және тұтынушыларға сенімді халал өнім ұсынудың маңыздылығы туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, күмәнді өнімдерден сақтану, халал таңбасын дұрыс тану және шариғат талаптарына сай тұтыну мәдениетін қалыптастыру мәселелері қозғалды.

Семинар соңында имамдар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, халал саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Мұндай кездесулер халал мәдениетін кеңінен насихаттауға, қоғамда адал тұтыну қағидаларын дәріптеуге және халыққа дұрыс ақпарат жеткізу бағытындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Телефон WhatsApp