23.10.2026
Қызылорда
11
Қызылорда қаласында «Халал Даму» мамандары «Magnum» сауда желісі мен «Қызылорда Нан» зауытында аудит жұмыстарын жүргізді.
Тексеру жұмыстарын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог Нұрбек Қанатұлы жүзеге асырды.
Аудит барысында кәсіпорындардағы өндірістік үдерістердің халал талаптарына сәйкестігі, қолданылатын шикізат пен өнім құрамының белгіленген талаптарға сай болуы, сондай-ақ өндіріс кезеңдерінде халал стандарттарының сақталуы қаралды.
Мұндай тексерістер кәсіпорындардағы халал талаптарының орындалуын бақылауға, өнім сапасы мен тұтынушылар сенімін қамтамасыз етуге бағытталған.