ҚЫЗЫЛОРДАДА «ХАЛАЛ – АМАНАТ ПЕН АДАЛДЫҚ ЖОЛЫ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Жаңалықтар

25.06.2026

Қызылорда

16

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ХАЛАЛ – АМАНАТ ПЕН АДАЛДЫҚ ЖОЛЫ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ҚМДБ «Халал Даму» орталығының бас маманы Мейіржан Бауыржанұлы Сыр өңірінің жамағатымен кездесіп, халал саласына қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

Облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен семинар барысында спикер «Халал – аманат пен адалдық жолы» тақырыбында насихат айтып, халал өнім өндіру талаптары, тағам технологиясы, тағамдық қоспалардың түрлері мен олардың адам өміріндегі маңызы туралы кеңінен мәлімет берді.

Кездесу барысында халал ұғымының тек азық-түлікпен ғана шектелмей, адалдық, жауапкершілік, сенім және аманатқа беріктік секілді құндылықтарды қамтитыны айтылды. Сонымен қатар жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, халал мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.

Семинар қатысушыларға халал қағидаттарын тереңірек танып-білуге және күнделікті өмірде саналы таңдау жасауға бағыт-бағдар берді.

Телефон WhatsApp