23.10.2026
Қызылорда
8
2026 жылғы 23 қазанда Қызылорда қаласында «QMDB HALAL» халал өнімдер жәрмеңкесі аясында жергілікті кәсіпкерлер мен имамдарға арналған «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – халал талаптарының маңызын түсіндіру, кәсіпкерлердің діни талаптар мен белгіленген стандарттар жөніндегі білімін жетілдіру және өндіріс барысында жауапкершілікті арттыру.
Жиын барысында қатысушылар халал талаптарын сақтау, өндіріс үдерісін тиісті стандарттарға сәйкестендіру және тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің талаптарға сай болуын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Семинар кәсіпкерлер мен дін қызметкерлері арасында тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді ортаға салуға және халал индустриясын дамыту бағытындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, «QMDB HALAL» жәрмеңкесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің тапсырмасына сәйкес Республика күніне орай ұйымдастырылды.