АҚМОЛА ОБЛЫСЫ: «КИМ А.И.» ЖК ӨНДІРІСІНЕ «ХАЛАЛ ДАМУ» КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

31.03.2026

Ақмола облысы

132

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ: «КИМ А.И.» ЖК ӨНДІРІСІНЕ «ХАЛАЛ ДАМУ» КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ

«Халал Даму» стандарты талаптарына сәйкестігін растаған «Ким А.И.» жеке кәсіпкерлігінің өндіріс орнына ресми түрде халал куәлігі табысталды.

Сертификаттау барысында өндірістік үдерістер, қолданылатын шикізаттар мен өнім дайындау кезеңдері толық тексеріліп, халал талаптарына сай екендігі анықталды.

Айбек Асқарбекұлы өз сөзінде:

«Халал куәлігін алу — кәсіпорын үшін үлкен жауапкершілік. Бұл тек құжат қана емес, өндірістің әр кезеңінде халал талаптарының сақталатынын білдіреді. Алдағы уақытта да кәсіпорын халал стандарттарын тұрақты түрде ұстанып, тұтынушылар сенімін ақтайды деп сенеміз.»

Аталған куәлік кәсіпорын өнімдерінің халал стандарттарына сәйкес өндірілетінін және тұтынушыларға адал әрі сапалы өнім ұсынылатынын растайды.

Телефон WhatsApp