АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА «QMDB HALAL» КУӘЛІКТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

24.09.2026

Ақтөбе

64

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА «QMDB HALAL» КУӘЛІКТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Ақтөбе қаласында халал талаптарын сақтау бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Атап айтқанда, қаладағы «CITY FISH» балық дәмханасына «QMDB HALAL» куәлігі салтанатты түрде табысталды.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласындағы қасапшыларға арналған арнайы семинар ұйымдастырылып, онда халал өнім өндіру мен дайындау барысында сақталуы тиіс талаптар, мал сою тәртібі, тазалық және санитариялық нормалар, сондай-ақ шариғат талаптарына сәйкес жұмыс жүргізудің маңыздылығы түсіндірілді.

Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар алды. Іс-шара соңында талаптарға сәйкес жұмыс жүргізіп, «QMDB HALAL» жүйесі бойынша куәлік алған қасапшыларға куәліктері табысталды.

Мұндай семинарлар кәсіп иелері мен мамандардың халал талаптары жөніндегі білімін арттырып, тұтынушыларға сапалы әрі талапқа сай өнім ұсынуға бағытталған.

«QMDB HALAL» мамандары тарапынан кәсіпорындар мен қызмет көрсету орындарында түсіндіру, кеңес беру және бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Чем я могу Вам помочь?