07.07.2026
Ақтөбе
60
Ақтөбе облысында «QMDB HALAL» стандартына сәйкес бірқатар кәсіпорындарға халал куәліктері табысталды және қайта жаңартылды.
Атап айтқанда, «Изюм» дәмханасына «QMDB HALAL» куәлігі табысталды. Куәлікті Ақтөбе облысының бас имамы Садиев Амантай Әбілдаұлы салтанатты түрде табыс етті.
Сонымен қатар, «Ramazan Nan» және «Ramazan Elevator» (нан және ұн өндірісі) кәсіпорындары жоспарлы аудит қорытындысы бойынша «QMDB HALAL» куәліктерін сәтті қайта жаңартты.