АҚТАУДА «WEST HIM» ӨНДІРІС ОРНЫНДА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

07.07.2026

Ақтау

42

АҚТАУДА «WEST HIM» ӨНДІРІС ОРНЫНДА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

Ақтау қаласында «West Him» залалсыздандырушы және жуғыш заттар өндірісінде жоспарлы тексеріс пен бақылау жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, кәсіпорында шығарылатын өнімдердің сапасы, олардың қауіпсіздік стандарттарына, соның ішінде «QMDB HALAL» стандартының талаптарына сәйкестігі жіті тексерілді. Мамандар зауыттың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бақылаудан өткізді.

Сонымен қатар, өндіріс барысында қолданылатын шикізаттардың құрамы, зертханалық қорытындылар және өнімдердің шариғат талаптарына сай тазалығы сараланды.

Бұл тексеріс халық тұтынатын заттардың қауіпсіз, таза әрі жоғары сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында өткізілді. Халал және қауіпсіздік талаптарының тұрақты сақталуын қадағалау үшін мұндай мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп тұрады.

Телефон WhatsApp