АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

30.04.2026

Ақмола облысы

27

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ақмола облысында халал стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар кәсіпорындарда жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында нысандардың өндірістік үдерістері, қолданылатын шикізаттардың сапасы мен қауіпсіздігі, сондай-ақ дайын өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі жан-жақты бақылаудан өтті.

Аудит кезінде кәсіпорындардағы технологиялық желілер, сақтау шарттары, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы және құжаттамалардың жүргізілуі мұқият зерделенді. Сонымен қатар, қызметкерлерге халал стандарттарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өндіріс барысында туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.

Аталған аудит жұмыстарын «Халал Даму» мекемесінің Ақмола облысы бойынша жергілікті өкілі Науан Мүтәлұлы және технолог Мейіржан Бауыржанұлы жүзеге асырды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорындарға анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар беріліп, алдағы уақытта халал талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Жалпы, өңірде жүргізіліп жатқан мұндай бақылау-қадағалау шаралары өнім сапасын арттыруға, тұтынушылар сенімін нығайтуға және халал индустриясының дамуына оң ықпал етуде.

Телефон WhatsApp