03.06.2026
Ақтөбе
75
Ақтөбе қаласында орналасқан «Сарқыт», «Afsona Family», «Afsona», «Cakes and Bakes», «Nan», «Taksim» және «Wok Point» кәсіпорындарының технолог мамандарына арналған семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында халал стандартының талаптары, өндірістік үдерістердегі халал қағидаларын сақтау, шикізаттарды қабылдау тәртібі, санитарлық-гигиеналық нормалар және халал сертификаттаудың негізгі талаптары кеңінен түсіндірілді.
Іс-шараны Ақтөбе облысы бойынша «Халал Даму» орталығының технолог маманы Ақмаржан Ержанқызы жүргізді. Семинар аясында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, өндірісте кездесетін практикалық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай кездесулердің мақсаты – халал стандарттарының талаптарын кәсіпорындар арасында кеңінен насихаттау, мамандардың біліктілігін арттыру және халал өнімдердің сапасын қамтамасыз ету.