26.09.2026
Ақтөбе
95
Ақтөбе қаласындағы бірқатар кәсіпорынға «QMDB HALAL» куәлігі табысталды.
Атап айтқанда, «Kartop» қытырлақ фрилер дәмханасы, «Manzil Halal Food» дәмханасы және «Ас ауқат» дайын өнімдер өндірісі алғаш рет «Халал» куәлігіне ие болды. Ал «Батыс Фуд» қатпарлы қамыр өндірісінің куәлігі қайта жаңартылды.
Кәсіпорындарда халал талаптарының сақталуына қатысты тексеру жұмыстарын «QMDB HALAL» маманы Ақмаржан Ержанқызы жүргізді.
Тексеру нәтижесінде кәсіпорындардың халал талаптарына сәйкестігі расталып, «Халал» куәліктерін Садиев Амантай табыстады.