30.03.2026
Ақтөбе
102
Ақтөбе қаласында орналасқан «Бешбармақ» ет дүкені, «Taksim», «Wok Point» және «Afsona Family» қоғамдық тамақтану орындары халал талаптарына сәйкестігін растау мақсатында сертификаттарын қайта жаңартты.
Куәлікті жаңарту алдында кәсіпорындарда аудит жұмыстары жүргізіліп, тағам дайындау үдерістері, қолданылатын шикізаттардың құрамы, сақтау шарттары және санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы тексерілді. Тексеру нәтижесінде аталған нысандардың халал стандарттарына сай қызмет көрсететіні анықталды.
Аудит жұмыстары тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің адалдығы мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жүргізілуде.