19.10.2026
Ақтөбе
34
Ақтөбе қаласында халал талаптарына сәйкес жұмыс істейтін кәсіпорындардың қызметі аясында бірқатар оң өзгерістер орын алды.
Атап айтқанда, «Боз дала» ет дүкені және «Хинкальная №1» жартылай дайын өнімдер кәсіпорны алғаш рет «QMDB HALAL» халал куәлігін алды. Сонымен қатар, «Batys Food» және «Халал Нұр» кәсіпорындары жартылай дайын өнімдеріне берілген халал куәліктерін жаңартты.
«QMDB HALAL» халал куәлігі кәсіпорындардың өнімдері мен өндіріс үдерістерінің белгіленген халал талаптарына сәйкестігін растауға бағытталған. Куәлікті алу және жаңарту жұмыстары өнім сапасы мен тұтынушылар сенімін арттыруда маңызды рөл атқарады.
«Халал Даму» ұйымы кәсіпорындардың халал талаптарын сақтауына бақылау жүргізіп, тұтынушыларға сенімді әрі сапалы өнім ұсыну бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.