08.07.2026
Ақтөбе
86
Ақтөбе облысы Хромтау қаласының бас имамы Маралбек Иманғали жергілікті қасапшыларға арнайы танымдық семинар жүргізді.
Атап айтқанда, жиын барысында мал союдың шариғаттағы маңызы, «QMDB HALAL» стандартының негізгі талаптары, малды адал әрі таза бауыздаудың ережелері мен санитарлық-гигиеналық жағдайлар жіті түсіндірілді.
Сонымен қатар, бас имам қасапшыларға адал өнім дайындаудың жауапкершілігі мен өндіріс барысында жіберілетін қателіктердің алдын алу жолдарын саралап берді.
Бұл шара халық тұтынатын ет өнімдерінің қауіпсіз, таза әрі шариғат талаптарына толық сай болуын қамтамасыз ету мақсатында өткізілді. Халал талаптарының тұрақты әрі дұрыс сақталуын қадағалау және мамандардың біліктілігін арттыру бағытындағы мұндай түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп тұрады.