АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ, ХРОМТАУ ҚАЛАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРҒА ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

21.08.2026

Ақтөбе

52

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ, ХРОМТАУ ҚАЛАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРҒА ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласында халал талаптарының сақталуына байланысты бақылау және тексеру жұмыстары жүргізілді.

Жұмыс барысында «Сыбаға» ет дүкені «QMDB HALAL» куәлігін қайта жаңартты. Сонымен қатар ЖШС «Агрофирма Тау» сүт өндірісі, «Асық» және «Алан» ет дүкендерінде тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру барысында кәсіпорындардағы өндірістік үдерістер, қолданылатын шикізат пен өнімдердің құрамы және халал талаптарының сақталуы қаралды.

«Халал Даму» мамандары кәсіпорындарға халал стандарттарын сақтау бойынша тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Телефон WhatsApp