31.07.2026
Ақтөбе
112
Ақтөбе облысында орналасқан «Балғын ет» дүкеніне «QMDB HALAL» куәлігі табысталды.
Кәсіпорынның өндірістік қызметі мен өнімдерінің халал талаптарына сәйкестігін бағалау және тексеру жұмыстарын ҚМДБ «Халал Даму» маманы Ақмаржан Ержанқызы жүргізді. Тексеру барысында кәсіпорынның өндіріс процесі, қолданылатын шикізат, сақтау және өткізу талаптары жан-жақты сараланып, халал стандартының талаптарына сәйкес екендігі расталды.
«QMDB HALAL» куәлігін салтанатты түрде Ақтөбе қаласының бас имамы Әли Алмат табыстап, кәсіп иелерін құттықтады. Сонымен қатар, адал әрі сапалы өнім ұсыну жолындағы еңбектеріне сәттілік тілеп, халыққа сенімді әрі халал өнім жеткізу ісіне табыс тіледі.
ҚМДБ «Халал Даму» мекемесі алдағы уақытта да өңір кәсіпорындарымен бірлесіп, халал индустриясын дамыту және тұтынушылардың сенімін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.