21.05.2026
Ақтөбе
106
Ақтөбе қаласын орналасқан Топатай ет дүкеніне «QMDB HALAL» куәлігі қайта жаңартылды.
Куәлікті «Халал Даму» мекемесінің жергілікті өкілі Алмат Әли табыстады. Сонымен қатар, халал талаптарына сәйкес бірқатар қасапшыларға куәліктер берілді.
Іс-шара барысында халал стандарттарын сақтау, мал сою барысындағы шариғи талаптарды орындау және тазалық нормаларын ұстанудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, кәсіпорын жұмысының халал талаптарына сәйкестігі тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.
Айта кетейік, халал куәлігі өнімнің және көрсетілетін қызметтің шариғат талаптарына сай екенін растайтын маңызды құжаттардың бірі болып табылады.