10.06.2026
Ақтөбе
45
Ақтөбе қаласында «Халал Даму» стандарты бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындарда жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, «Сарқыт» және «Афсона» тамақтану орындары, сондай-ақ «Кіші жүз» ет дүкені халал талаптарына сәйкестігі бойынша тексеруден өтті. Аудит қорытындысы бойынша аталған кәсіпорындардың халал стандарттарының талаптарын сақтайтыны расталып, халал куәліктері қайта жаңартылды.
«Халал Даму» мамандары кәсіпорындардағы өндірістік үдерістерді, қолданылатын шикізаттарды, сақтау және қызмет көрсету талаптарын тексеріп, халал стандарттарының сақталуына бақылау жүргізді.
Мұндай аудит жұмыстары халал өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ тұтынушылардың сенімін нығайту мақсатында тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді.