24.06.2026
Ақтау
29
Ақтау қаласында халал стандарттарының талаптарының сақталуын бақылау мақсатында жоспарлы тексеріс жұмыстары жалғасуда. Тексеру барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, қолданылатын шикізаттары, сақтау және тасымалдау шарттары, сондай-ақ халал талаптарына сәйкестігі жан-жақты зерделенуде.
Мақсат – тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің сапасы мен халал талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету. Анықталған ескертулер бойынша кәсіпорын өкілдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ұсыныстар берілуде.