16.02.2026
Ақтау
121
15 ақпан күні Ержан Хазіреті мешіті қабырғасында әйелдер жамағатына арналған «Адал ас – шариғат талабы» атты семинар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ұстаз Айнұр Оразбекқызы мен «Халал Даму» технологы Мөлдір Анетқызы мазмұнды баяндама жасады.
Семинарда адал астың маңызы, дұрыс әрі жауапты тамақтану мәдениеті, сондай-ақ тағамдық қоспалардың (халал және харам) шариғи үкімі жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар күнделікті тұрмыста кездесетін өнімдерге қатысты нақты мәліметтер алып, күмәнді мәселелер бойынша түсініктерін толықтырды.
Жиын соңында әйел жамағаты тарапынан қойылған сауалдарға нақты әрі дәлелді жауаптар берілді. Семинар рухани-танымдық тұрғыдан пайдалы өтіп, адал асқа деген жауапкершілікті арттыруға бағытталды.