«АДАЛ АС – ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Жаңалықтар

11.02.2026

Шымкент

105

«АДАЛ АС – ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты «Тура жол» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған «Адал ас – шариғат талабы» атты семинар ұйымдастырылды. Іс-шара қасиетті Рамазан айы қарсаңында өтті.

Семинарға спикер ретінде Шымкент қаласы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі, бас ұстаз Балжан Досжанова және ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының технолог маманы Аружан Аралбай қатысты.

Жиында адал ас пен адал табыстың маңыздылығы, күмәнді өнімдерден сақтану, Рамазан айында дастарқан мәдениетін сақтау мәселелері кеңінен қозғалды. Сондай-ақ заманауи тағам, дәрі-дәрмек және тұрмыстық өнімдер құрамындағы күмәнді қоспалар туралы түсіндірме беріліп, «Халал Даму» орталығында жүргізілетін зерттеу, стандарттау және сертификаттау жұмыстары таныстырылды.

Семинар соңында «Тура жол» мешітінің наиб имамы, Шымкент қалалық Жастар ісі жетекшісі Ержан Нарботаев қорытынды сөз сөйледі.

Іс-шара рухани мазмұнға толы, пайдалы форматта өтті.

Телефон WhatsApp