«АЛЕЛЬ АГРО» ҚҰС ФАБРИКАСЫ ҚАСАПШЫЛАРЫНА ХАЛАЛ ТАЛАПТАРЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
Жаңалықтар

06.04.2026

Алматы облысы

79

«АЛЕЛЬ АГРО» ҚҰС ФАБРИКАСЫ ҚАСАПШЫЛАРЫНА ХАЛАЛ ТАЛАПТАРЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Алматы облысы, Іле ауданында орналасқан «Алель Агро» құс фабрикасының қасапшыларына арналған семинар өткізілді.

Семинар барысында халал стандартының талаптары, құсты шариғат талаптарына сай сою тәртібі, өндірістегі санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар мамандар тарапынан тәжірибелік түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берілді.

Іс-шара қорытындысында кәсіпорынға халал талаптарына сәйкестігін растайтын куәлік табысталды.

Телефон WhatsApp