19.03.2026
Жамбыл облысы
50
Жамбыл облысында орналасқан «АҚ Алель Агро» құс фабрикасында жоспарлы аудит жұмыстары өткізілді. Аудит барысында құстарды сою үдерісі, өндірістегі санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, шикізатты қабылдау, сақтау және дайын өнім өндірісінің халал стандарттарына сәйкестігі жан-жақты тексерілді.
Тексеру нәтижесінде құстардың халал талаптарына сай сойылатыны, сою процесінің шариғат нормаларына сәйкес жүргізілетіні анықталды. Сонымен қатар өндірістік бақылау жүйесі, құрал-жабдықтардың тазалығы және қызметкерлердің халал талаптарын сақтау деңгейі қарастырылды.
Аудит қорытындысы бойынша кәсіпорынға халал стандарттарын одан әрі жетілдіру бағытында тиісті ұсыныстар берілді. Аудит жұмыстары «Халал Даму» мекемесінің мамандары тарапынан жүзеге асырылды.