АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАРДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

30.03.2026

Алматы

119

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАРДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Алматы қаласында орналасқан «Coffee Original Jetisu», «Tagam Abaya», «Bake Me» кондитерлік өнімдері, «RIZA» кафесі, «DONERZADE» өндірістік цехы және «Expert.pro» жартылай дайын өнімдер кәсіпорнында жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Magnum» сауда желісінің филиалдарында сатылымдағы ет және шұжық өнімдерінің халал талаптарына сәйкестігі тексерілуде.

Аудит барысында өнім құрамының талаптарға сәйкестігі, шикізат көздері, өндіріс және сақтау шарттары, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы бақылаудан өткізілуде. Кәсіпорын өкілдеріне халал стандарттарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ұсыныстар берілді.

Тексеру жұмыстары халал талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің сапасын бақылау мақсатында жүзеге асырылуда.

Телефон WhatsApp