АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДА МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

03.06.2026

Алматы

112

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДА МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алматы қаласы мен Алматы облысында орналасқан бірқатар кәсіпорындарда халал талаптарының сақталуын бақылау мақсатында мониторинг және аудит жұмыстары жүргізілді.

Мониторинг барысында халал куәлігін алуға өтініш білдірген «ОБИС» ЖШС сусын өндірісі, Талғар қаласында орналасқан ЖК Тұрдиева кәсіпорны және тапсырыс бойынша дайын тағам жеткізу қызметін жүзеге асыратын ЖК Орлов Д.Б. нысандарында алғашқы тексеру (первичный аудит) жүргізілді. Тексеру барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері мен халал стандарттарына сәйкестігі қаралды.

Сонымен қатар, бұған дейін куәлігі тоқтатылған «MakiMaki» қоғамдық тамақтану орындарының Алатау қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі, 90А мекенжайындағы және Жансүгіров көшесі, 1а/1 мекенжайындағы филиалдары халал куәлікті қайта жаңартуға өтініш білдірді. Қазіргі таңда аталған нысандар бойынша тиісті рәсімдеу және қайта куәлік беру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылында орналасқан «Okadzaki» қоғамдық тамақтану орнында жоспарлы аудит жұмыстары өткізілді.

Бақылау-қадағалау шаралары барысында кәсіпорындарға халал стандарттарының талаптары түсіндіріліп, өндірістік үдерістерді жетілдіруге қатысты ұсыныстар берілді.

Телефон WhatsApp