18.06.2026
Алматы
40
Алматы қаласы мен Алматы облысында халал талаптарының сақталуын бақылау мақсатында жоспарлы тексеріс жұмыстары жүргізілуде.
Кезекті аудит барысында ЖШС «Алматинский Продукт», ЖШС «Yakar», ЖК «Meta Farm» және ЖК «Miras» кәсіпорындары тексерілді. Тексеру барысында өндірістік үдерістер, пайдаланылатын шикізаттар, құжаттамалар және халал стандарты талаптарының сақталу деңгейі зерделенді.
Аталған тексеру жұмыстарын «Халал Даму» мамандары Терликбаев Өміржан, Есіркеген Жансая және Жексембай Айжан жүргізді.
Жоспарлы аудит жұмыстары кәсіпорындардың халал талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету және тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің сапасын бақылау мақсатында алдағы уақытта да жалғасатын болады.