АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІРҚАТАР ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

31.07.2026

Алматы

80

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІРҚАТАР ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Алматы қаласы бойынша өкілдігі тарапынан халал талаптарының сақталуын бақылау мақсатында бірқатар қоғамдық тамақтану орындарында жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, ЖК «Eco life», ЖК «Palaushy», ЖК «Arif food», ЖК «Keremet food» және ЖК «Марат» тамақтану орындарында халал стандарты талаптарының орындалуы тексерілді.

Аудит барысында өндірістік және технологиялық үдерістер, қолданылатын шикізаттың халал талаптарына сәйкестігі, сақтау жағдайлары, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы және ішкі бақылау жүйесі жан-жақты сараланды.

Телефон WhatsApp