АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА “АДАЛ АС” ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Жаңалықтар

27.02.2026

Алматы

84

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА “АДАЛ АС” ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Алматы қаласындағы Әли-Мұхаммед мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған «Адал ас» тақырыбында тағылымдық семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – халал тағамның маңызы мен шариғат талаптарына сай ас дайындау мәдениетін кеңінен түсіндіру.

Семинарды «Халал Даму» мекемесінің технолог маманы Жансая Шалқарқызы жүргізді. Кездесу барысында қатысушыларға халал өнімді таңдаудың негізгі қағидалары, тағам дайындаудағы тазалық талаптары, шикізаттың дұрыстығы мен күмәнді қоспалардан сақтану жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Сонымен қатар, күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын өнімдердің құрамын тексеру, таңбалау белгілеріне мән беру және отбасы дастарханына ұсынылатын астың адалдығына жауапкершілікпен қарау мәселелері қозғалды.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, адал астың рухани және тәрбиелік мәні кеңінен түсіндірілді.

Телефон WhatsApp