АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНҒА «QMDB HALAL» КУӘЛІКТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

31.08.2026

Алматы

122

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНҒА «QMDB HALAL» КУӘЛІКТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Алматы қаласында халал талаптарына сәйкестігін растаған бірқатар кәсіпорындарға «QMDB HALAL» куәліктері ресми түрде табысталды.

Куәлік алған кәсіпорындар қатарында: ЖШС «ABDURAZZAK», ЖШС «ТК Маркет», ЖШС «Hisar Yapi» (Хисар Япы), ЖШС «Беккер и К», ЖК «Өтегенов», ЖШС «Family Kitchen», ЖШС «Бегемот» (Алматы).

Аталған кәсіпорындар «QMDB HALAL» стандартының талаптарына сәйкестігін растады. Куәлік табыстау барысында кәсіпкерлерге халал талаптарын тұрақты сақтау, өнім сапасы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді.

«Халал Даму» орталығы тарапынан куәлік иеленген кәсіпорындардың қызметіне тұрақты бақылау және жоспарлы аудит жұмыстары жүргізіліп отырады.

Кәсіпкерлерді халал талаптарын сақтап, тұтынушыларға сапалы әрі талапқа сай өнім ұсынуға шақырамыз.

Телефон WhatsApp
Чем я могу Вам помочь?