АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАРДА ЖОСПАРЛЫ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

28.04.2026

Алматы

17

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАРДА ЖОСПАРЛЫ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алматы қаласында «Халал Даму» мамандары тарапынан бірқатар кәсіпорындарда жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Бижан Ет Өңдеу зауыты» ЖШС, «Кайысова» ЖК, «Куренкеева» ЖК және «Бекенова М.А.» ЖК нысандары тексерістен өтті.

Аудит барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, шикізат көздері және дайын өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі жан-жақты қаралды. Сонымен қатар, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы мен технологиялық тәртіптің орындалуына ерекше назар аударылды.

Аталған тексеріс жұмыстарын «Халал Даму» мамандары Тирликбаев Өміржан мен Есіркеген Жансая жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорындарға тиісті ұсыныстар беріліп, халал стандарттарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Телефон WhatsApp