26.06.2026
Алматы
63
Алматы қаласында бірқатар кәсіпорындарға QMDB HALAL куәлігі табысталды.
Атап айтқанда, ЖШС «Romanov.Kz», ЖК «SOGYM», ЖК «Айран Фреш» және ЖК «Ет Әлемі» халал стандарты талаптарына сәйкестігін растағаннан кейін QMDB HALAL куәлігіне ие болды.
Куәлік табыстау барысында кәсіпорын өкілдеріне халал өндіріс талаптарын тұрақты сақтау, өнім сапасын бақылауды үздіксіз қамтамасыз ету және тұтынушылар сенімін нығайтудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, QMDB HALAL белгісін пайдалану куәлік талаптарын толық сақталған жағдайда ғана мүмкін екені атап өтілді.