АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

13.08.2026

Алматы

61

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алматы қаласында бірқатар кәсіпорындарда жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді.

Аудит барысында кәсіпорындардағы өндірістік процестердің халал талаптарына сәйкестігі, өнімдердің құрамы мен қолданылатын шикізаттардың құжаттары, сондай-ақ белгіленген талаптардың сақталуы тексерілді.

Аудит жұмыстары «Sweet Trade» ЖШС, «Угур Г.С» ЖК, «Модерн Ритейл» ЖШС (Каусар Самал, Каусар Жамбыл) және «ABDURAZZAK» ЖШС кәсіпорындарында жүргізілді.

«Халал Даму» мамандары кәсіпорындарға халал талаптарын сақтау бойынша тиісті түсіндірмелер мен ұсыныстар берді.

Кәсіпорындарда халал стандарттарының сақталуына бағытталған аудит жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Телефон WhatsApp