АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРДА ЖОСПАРЛЫ ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

22.05.2026

Алматы

132

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРДА ЖОСПАРЛЫ ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алматы қаласында QMDB HALAL стандарты аясында бірқатар кәсіпорындарда жоспарлы тексеріс жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, «Doner na Satpaeva», «Burger na Satpaeva» және «Мамины полуфабрикаты» кәсіпорындарында халал талаптарының сақталуына бақылау жасалды.

Тексеріс барысында өндіріс үдерісі, қолданылатын шикізаттардың құрамы, санитарлық жағдай және өнімдердің халал стандартына сәйкестігі қарастырылды.

Аталған тексеріс жұмыстарын «Халал Даму» мекемесінің мамандары Терликбаев Өміржан және Есіркеген Жансая жүргізді.

Мұндай бақылау шаралары халал өнімдердің сапасын бақылап, тұтынушыларға сенімді әрі шариғат талаптарына сай өнім ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Телефон WhatsApp