19.03.2026
Алматы
45
Алматы қаласында орналасқан «Becker & K», «Burgerlend» және «Almaty Nan» өндірістік цехтарында кезекті жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді.
Аудит барысында кәсіпорындардың халал стандарт талаптарын сақтау деңгейі, өндіріс үдерістері, шикізаттың сәйкестігі және санитарлық жағдайлары тексерілді. Мамандар тарапынан қажетті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті ұсыныстар берілді.
Аталған аудит жұмыстары халал талаптарының сақталуын бақылау және тұтынушыларға сапалы әрі адал өнім ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды