16.03.2026
Алматы
64
Алматы қаласында орналасқан Okadzaki қоғамдық тамақтану желісінде халал стандарты талаптарына сәйкестігін растау мақсатында куәлік жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде кәсіпорын өндіріс процесі, шикізат көздері және тағам дайындау талаптары «Халал Даму» стандартына сай екені анықталып, халал куәлігі жаңартылды. Компанияда ұсынылатын барлық тағамдар халал талаптарына сәйкес дайындалатыны ресми түрде расталған.
Аталған желі — Қазақстандағы ірі қоғамдық тамақтану орындарының бірі болып саналады және Алматы мен Астана қалаларында бірнеше филиал арқылы қызмет көрсетеді.