19.08.2026
Алматы
108
Алматы қаласында «QMDB HALAL» стандарты талаптарының сақталуын бақылау мақсатында бірқатар кәсіпорындарда жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілуде.
Аудит барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, қолданылатын шикізаттар мен өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі, санитарлық-гигиеналық жағдайы, сақтау шарттары және тиісті құжаттамалары тексерілуде. Сонымен қатар, кәсіпорындарға халал стандарттарын тұрақты сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жоспарлы аудит жұмыстары келесі кәсіпорындарды қамтыды:
ЖШС «Adal Food Company», ЖК «Casserole», ЖК «Dayin Food», ЖК «Куттыкбаев», ЖШС «Sweet Premium», ЖШС «TABANAN», ЖШС «Erdiyar», ЖШС «Модерн Ритейл» (Навои), ЖШС «Фирма Ozyurt» (Атакент).
Аудит жұмыстарын «Халал Даму» мамандары Терлікбаев Өміржан, Есіркеген Жансая және Жексембай Айжан жүргізуде.
Жоспарлы бақылау-қадағалау жұмыстарының негізгі мақсаты – кәсіпорындарда халал талаптарының тұрақты сақталуын қамтамасыз ету, өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау және тұтынушыларға сенімді халал өнімдер мен қызметтерді ұсынуға жағдай жасау.
«Халал Даму» мамандары тарапынан Алматы қаласындағы кәсіпорындарға жүргізілетін жоспарлы аудит жұмыстары жүйелі түрде жалғаса береді.