АЛМАТЫ: БІРНЕШЕ КӘСІПОРЫН ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ
Жаңалықтар

10.02.2026

Алматы

125

АЛМАТЫ: БІРНЕШЕ КӘСІПОРЫН ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

Алматы қаласында бірқатар кәсіпорын ҚМДБ-ның «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды.
Атап айтқанда, ЖШС «Көктем Снаб», ЖК «Куренкеева Н.Д.», ЖШС «Adal Food Company», ЖШС «Аяла Плюс» және ЖК «Dayin Food» кәсіпорындарына «Халал Даму» сертификаттары табысталды.

Сертификаттарды Алматы қаласының жауапты маманы Терлікбаев Өміржан салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар, аталған кәсіпорындарда өндірістік процестер мен санитарлық жағдайларға аудит жүргізіліп, халал талаптарының толық сақталатыны тексерілді.

Бұл сертификаттар кәсіпорындардың халал стандарттарына сай жұмыс істейтінін айқындап, тұтынушылардың сенімін арттыруға және алдағы уақытта халал нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

Телефон WhatsApp