29.05.2026
Алматы облысы
82
Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылында орналасқан қасапханада бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді.
Тексеру жұмыстарын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы және Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жанәбіл Жұмабеков жүзеге асырды.
Бақылау барысында кәсіпорынның өндірістік үдерістері, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау деңгейі және халал стандарты талаптарының орындалуы назарға алынды. Сонымен қатар, мал сою тәртібі мен өндіріс кезеңдеріндегі халал талаптарының сақталуына мониторинг жүргізілді.
Мұндай бақылау-қадағалау жұмыстары халал өнімдердің сапасы мен тұтынушылар сенімін арттыруға, сондай-ақ кәсіпорындардың халал стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған.