АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Жаңалықтар

23.06.2026

Алматы облысы

61

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты мешіт имамдарына арналған семинар өтті. Семинарды «Халал Даму» мекемесінің Алматы облысы бойынша жергілікті өкілі Жанабіл Жұмабеков жүргізді.

Кездесу барысында халал стандартының талаптары, халал сертификаттаудың маңызы және тұтынушыларға дұрыс ақпарат жеткізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ халал өнімдер мен қызметтердің шариғат талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.

Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, халал саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Жиынның басты мақсаты – имамдардың халал бағытындағы білімін жетілдіріп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту.

Телефон WhatsApp