25.08.2026
Алматы облысы
28
Алматы облысы Кеген ауданында «Кеген Мяс Пром» ЖШС-не қарасты қасапханада аудит жұмыстары жүргізілді.
Аталған кәсіпорын халал куәлігін алуға алғаш рет өтініш берген нысан ретінде тексеруден өтті. Аудит барысында қасапхананың өндірістік үдерістері, санитарлық талаптардың сақталуы және халал стандарттарына сәйкестігі жан-жақты қарастырылды.
Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал талаптары бойынша семинар өткізіліп, өндіріс барысында сақталуы тиіс негізгі талаптар мен тәртіптер түсіндірілді.
Аудит және семинар жұмыстарын жергілікті өкілдер Жанәбіл Жұмабеков пен Өміржан Терлікбаев жүргізді.
Аталған жұмыстар кәсіпорында халал талаптарын дұрыс ұйымдастыруға және қызметкерлердің халал стандарттары бойынша білімін арттыруға бағытталды.