28.04.2026
Алматы облысы
24
Алматы облысы Іле ауданында орналасқан «Алатау» құс фабрикасында «Халал Даму» мамандарының қатысуымен жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында кәсіпорынның өндірістік үдерістері толық қамтылып, халал талаптарының сақталу деңгейі бақылаудан өтті.
Аудит аясында құс сою үдерісіне жауапты қасапшыларға арнайы куәліктер табысталды. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне арналған халал стандарттары бойынша түсіндіру семинары ұйымдастырылды.
Семинар барысында мал союдың шариғи талаптары, санитарлық-гигиеналық нормалар және өндірістегі жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.